Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы “Ордабасы” сапын толықтырды

30.04.2024, 18:30

Футболдан екі жылға дейін шеттетілген Айбол Әбікен үлкен футболға қайта оралды.

Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы “Ордабасы” сапын толықтырды

27 жастағы ойыншы өз мансабында “Ақсу” мен “Қайратта” доп тепкен. 

Жалпы ішкі біріншілікте футболшы 86 ойын өткізіп, 13 гол соққан.

Ел құрамасы сапында Айбол 2019 жылдың қыркүйек айында дебют жасады. Қазақстан жейдесінде қорғанысқа жақын жартылай қорғаушы 14 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Жалғыз голды Әбікен Ұлттар Лигасында Албания қақпасына кіргізді. Алаң ортасынан соққы жасаған ойыншы ғаламат голдың авторы атанған еді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×