Зинедин Зидан «Реалдан» кете ме?

07.02.2021, 01:00
Зиданның корольдік клубтағы тағдыры не болмақ?
Зинедин Зидан «Реалдан» кете ме?

Жақында ғана коронавирустан айыққан мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан клубтан кетуі мүмкін. Оған себеп корольдік команданың биылғы маусымдағы сүреңсіз ойыны және бапкер мен футболшылар арасындағы байланыстың нашар болуы.

2021 жылдың 21 қаңтарында Зиданның Сovid-19 жұқтырғаны белгілі болды. Содан кейін бас бапкер карантинге жатқызылған болатын. 2 ақпан күні ауруды жеңіп шығып, командасымен бір матч өткізіп үлгерді. «Сантьяго Бернабеу» стадионында Испанияның үшінші дивизионында өнер көрсететін «Алькояноға» қарсы кубоктік ойында Зидан шәкірттері 1:2 есебімен жеңіліп, турнирмен қош айтысты.

Қазіргі таңда «Реал Мадрид» Ла Лигада 20 турдан кейін 40 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Ал Чемпиондар Лигасында 1/8 финалда Италияның "Аталанта" командасымен жолығатынын еске салайық. Турнирдің бұл кезеңіне де команда ілініп-салынып әрең шыққан еді. Зиданды орнынан алудың алғашқы факторы осы.

Marca газетінің журналисті Хосе Деликс Диас Зидан клубтағы кейбір футболшылармен мүлдем сөйлеспейді дегенді алға тартты. Ойындардың нәтижесі емес, бапкердің ойыншылармен қарым-қатынасының дұрыс емес болуы командадан кетудің негізгі факторы болып тұрған секілді. «Реалмен» бірге үш рет қатарынан Чемпиондар Лигасын жеңген бапкердің мұндай іс-әрекеті көпшілікке күдік ұялатады. Испания командалары арасында мадридтік клубтың аяқдопшылары ең көп жарақат алған. Мұндай статистиканыда айта отырайық. Бұлда ұжымдық ойынға өте қатты әсер ететіні сөзсіз. Өзінің клубтан кету, кетпеу жайына франциялық бапкер былай деп жауап берді:

- «Болашақта не болатынын мен білмеймін. Жаңалық көп, оның ішінде бапкерді ауыстыру керек деген мәселе де бар. Оларға бұның барлығы оңай сияқты көрінеді. Менің кеткенімді қаласа да, мен кетейін деп жатқан жоқпын. Біз жоғары жақта не болып жатқанын білмейміз, бұл шындық, бірақ барлығын өзгертуге күшіміз жетеді», - дейді Marca газетіне берген сұхбатында.

Зиданның «Реалдағы» тағдыры алдағы ойындардан кейін белгілі болатын секілді. Не болса да әліптің артын бағайық. Айта кетейік, корольдік клуб чемпионатта бүгін, 6 ақпан күні қонақта «Уэска» командасымен кездесетін болады. 

Нұрасыл Нұрсұлтан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Италии. Серия А
12.24
Интер
Комо
00.45
П1
1.363
Ничья
5.64
П2
9.55
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.089
Ничья
13.6
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Aladop Youtube
×