Шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Жоао Пауло «Агробизнес» командасымен болған ойын жайлы (1:0) өз пікірін айтты
- Егер нәтижемен сараласақ, жақсы ойын көрсеттік. Біз бүгін сәл шаршаңқы болдық, бірақ 90 минут бойы шыдап бақтық. Менің білуімше, қарсылас команданың дайындығы өз мәресіне жетіп келеді, сол себепті олар бізбен салыстырғанда физикалық тұрғыдан басымырақ болды. Қарсыластар бізге бос кеңістік бермей, өздерін ұйымдасқан команда ретінде көрсетті. Басқа кездесулерде ашық кеңістік көп болатын, бәлкім сол үшін менде бүгін мүмкіндік аз болған шығар.
Мен қазір позитивті көңіл-күйді сақтаудамын және чемпионаттың басында оңтайлы формада боламын деп сенемін. Өткен жылы орындай алмаған тапсырмаларды ұмытуымыз қажет, мен осы жылы біздің жақсы дайындалып жатқанымызға және барлық қойылған тапсырмаларды орындайтынымызға сенемін.
"Ордабасы" ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET