Жоао Фелишке талас басталып кетті. "МЮ" 105 млн фунт төлеуге әзір
21.05.2019, 22:29
"Record" порталының мәліметінше, "Манчестер Юнайтед" пен "Атлетико Мадрид" 19 жастағы португалдық шабуылшы Жоао Фелишті сатып алу туралы ұсыныс жіберіп үлгеріпті.
Тіпті, "қызыл сойқандар" Жоао үшін 105 млн фунт (жобамен 120 млн еуро) төлеуге де дайын көрінеді. Ал Антуан Гризманнға ізбасар іздеп жүрген "Атлетиконың" қанша төлеуге құлықты екені белгісіз болып отыр. "Бенфика" алдында "Ливерпуль" 70 млн. еуро ұсынғанда бермеген-ді.
Осындай жайттың боларын білген "Бенфика" бәр ай бұрын Фелишпен жаңа келісім шарт жасасып, құнын 120 млн еуро деп бекіткен еді. Ал қазір 200 млн деп бекітуді жоспарлауда.