«Жил-Висенте» футболшысы Ілияс Әбіл: қазақстандық жастар португалиялықтардан мықты

10.02.2025, 11:57

«Жил-Висенте» клубының жартылай қорғаушысы Ілияс Әбіл португалиялық және қазақстандық футболшылардың басты айырмашылығын айтты.

 

«Жил-Висенте» футболшысы Ілияс Әбіл: қазақстандық жастар португалиялықтардан мықты
Ілияс Әбіл

«Португалиядағы жастар бізді сондай-ақ, физикалық тұрғыда басып озады, ал шеберлік жағынан келгенде ешқандай сұрақ жоқ – Қазақстанның өрендері техникалық тұрғыда өте мықты. Мінез бойынша не айтуға болады? Енді мінез жағынан біз әрдайым алдамыз ғой (күледі)», - деген еді І. Әбіл.

 Айта кетейік, «Ертіс» футбол клубының түлегі былтыр ақпанда "Жил Висентемен" келісімшартқа отырды. Қазақстан құрамасының (U19) жартылай қорғаушысы өткен маусымда QJ лигада өнер көрсетті.  «Ақсу» сапында Бірінші лигада 22 матч, премьер-лигада 2 кездесуде бағын сынады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×