Жетінші тур: Фавориттер мен көш соңындағы командалардың айқасы

04.05.2024, 08:24

"Тобыл" бұл турда "Жетісудан" емтихан алса, Рафаэль Уразбахтин "Қайратты" бас бапкер ретінде бірінші рет бастап шығады

Жетінші тур: Фавориттер мен көш соңындағы командалардың айқасы
"Жетісу" футболшыларының голды тойлау сәтінен

Сонымен, бүгін-ертең жетінші тур ойындары болады. Матчтың тоқсан пайызы сенбіде өтсе, ертең тек бір ғана бәсеке - "Шахтер" мен "Қайсар" арасындағы ойынды тамашалай аласыздар. 

"Ақтөбе" - "Астана"

Сенбідегі орталық матч әрине "Ақтөбе" - "Астана" ойыны. Талдықорғандағы сәтсіздіктен кейін Дмитрий Парфенов жағдайды түзейміз деп уәде берген. Бүгін қызыл-ақтар командасы маусымда алғаш рет "Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда" өнер көрсетеді. Неге осындай маңызды күні "Астананы" ұтып, бірінші орындағы позицияны нықтай түспеске? Ал ақтөбелік фанаттардың қалай қолдау білдіретінін айтып жату артық болар. Қысқасы, бүгін бір матчта аншлагтың болары анық. 

"Қайрат" - "Атырау" 

Алматылық клуб пен "мұнайшылардың" арасындағы ойын да тартысты болады деп күтілуде. Бұл матчқа "Қайратты" Рафаэль Уразбахтин бастап шығады. Кекер кеткен соң тізгінді ұстаған маман үшін оңай болмасы анық. Біріншіден: "Қайсардан" жеген шапалақ әлі ұмытыла қойған жоқ. Қатарынан екінші рет сәтсіздікті клуб басшылығы қалай қабылдар екен? Мейлі, бұл Уразбахтиннің бас бапкер ретіндегі бірінші ойыны болса да. Ал қарсылас оңай емес. "Атырау" төрт ойын қатарынан жеңіліссіз келеді. Екі командаға да қиын болайын деп тұр ғой. 

"Жеңіс" - "Елімай" 

Араға біраз жыл салып премьер-лигаға оралған қос ұжымның басты міндеті - жоғары дивизиондағы орындарын сақтап қалу деп топшылаймыз. Қарағандыдағы матч өте тартысты өтейін деп тұр. Жалпы, екі команданың ойыны да тартымды. Ұпайға бай емес шығар, иә, бірақ "Жеңіс" те, "Елімай" да аянып қалып жатқан жоқ. Өткен турда астаналықтар басқа-басқа емес, "Тобылдың" өзімен ұпай бөлісті. Ал "Елімай" маусымда тек бірақ рет жеңіліс тапқан. Қалған барлық турнирлерде тәуір ойнап, фанаттар көңілінен шығып отыр. Сонымен, турнирлік кестеге зер салсақ, аздаған басымдық Семейде секілді. Бірақ, бұл тек қағаз жүзінде... 

"Тобыл" - "Жетісу

Біраз көздің осы күні Қайрат Нұрдәулетовтің командасына сынай қарайтыны анық. "Қайратпен" ұпай бөлісіп, "Ақтөбеден" айласын асырған Талдықорғандық клубтың мұнысы кездейсоқ па әлде деген сауалдың жауабын іздейді олар. Сөзсіз, "Жетісу" үшін маусым басынан бергі ең қиын сынақ бүгін болады. "Жеңісті" жеңе алмай келген Милич Чурчич бүгін қамшыны аямай салайын деп тұр. Әлі жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген қостанайлықтардың амбициясы жоғары. Сол үшін бүгін "Тобыл" тобықтан қағуды ойлайды. Ал оған "Жетісу" көнер ме екен? 

"Шахтер" - "Қайсар" 

Жетінші турды түйіндейтін теке-тірес. Қарағанды үшін ең қиын маусым өтуде. Әсіресе, наурыз өте ауыр болды. "Кеншілер" де, қызылордалық команда да көш соңында ілбіп келеді. Екеуінің әзірге мақтанатындай тек жалғыз ойындары бар. Бірі "Астананы" ұтса, "қасқырлар" өткен турда "Қайратты" жеңіп, Кирилл Кекердің кетуіне себепкер болды. Сонымен, қос аутсайдер үшін де ұпай ауадай қажет. Андрей Финонченко өткенде берекесі қашқан  "Шахтердің" ойынын түзетем, түрлендіремін дегені есімізде. Енді ертең Қарағандының аңыз футболшысының сол айтқанын бағамдаймыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.355
Ничья
5.6
П2
9.15
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.958
Ничья
4.025
П2
3.75
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.53
Ничья
4.895
П2
5.96
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.34
Ничья
3.615
П2
2.222
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.075
Ничья
3.79
П2
1.936
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.151
Ничья
9.3
П2
20
Aladop Youtube
×