Жазғы трансферлік ауысымда “Ақтөбе” сапын танымал ресейлік ойыншы толықтыруы мүмкін

“Серый Cardinal” телеграм-арнасының мәліметі бойынша Артем Дзюба жазғы трансферлік ауысымда “Ақтөбе” сапын толықтыруы мүмкін. 

Жазғы трансферлік ауысымда “Ақтөбе” сапын танымал ресейлік ойыншы толықтыруы мүмкін

Қазірде “Ақтөбе” клубы бойшаң, бағананың рөлін ойнай алатын шабуылшы іздестіруде. Артем аталған талаптар бойынша келгендіктен, қазақстандық клуб ресейлік ойыншыға көз тігіп отыр. 

Дзюба мәскеулік “Локомотив” сапында өнер көрсетіп жүр. Премьер-лига ұжымы өз шабуылшысына келген кез-келген ұсынысты қабылдайды. Ойыншы үшін де мансабын қайта түзеуге бұл мүмкіндік болып отырған жайы бар. 

РПЛ осы маусымында Дзюба 21 ойын өткізіп, 4 гол мен 3 голдық пас берді. Трансфермаркет 35 жастағы ойыншыны 2,80 млн еуроға бағалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×