Жасөспірімдердің қарсыластары анықталды

02.12.2010, 20:16
Жасөспірімдердің қарсыластары анықталды
УЕФА-ның штаб-пәтерінде жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты бірінші ірік­теу турнирінің жеребесі өтті. Нәтижесінде Илья Меланич және Павел Родненок шәкірттері өз қарсыластарын білді.Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту нәтижесінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 4-топқа түсті. Енді жерлестеріміз келесі жылдың күзінде Еуропа чемпионаты бірінші іріктеу тур­ни­рінде Чехия, Ирландия және Лихтенштейн құрамаларымен текетіреседі. Айта кетейік, іріктеу турнирінің негізгі кезеңіне 13 топтан екі үздік командадан жолдама алады. Сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішінде көрсеткіштері жоғары екі команда негізгі кезеңге өте алады. Ал бұл жасқа дейінгі құрамалардың финалдық турнирі 2012 жылдың мамыр айында Словенияда өтеді. Павел Родненок баптайтын 19 жасқа дейінгі жігіттер бірінші іріктеу кезеңінде 6-топқа түсті. Біздің жерлестеріміздің қарсыластары Украина, Швейцария және Македония құрамалары болмақ. Олар да бірінші іріктеу турнирін 2011 жылдың күзінде өткізеді. Іріктеу турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алу үшін барлығы 12 топтың құрамаларына өз топтарында 1-інші немесе 2-орын алу керек. Сонымен қатар үшінші орын алғандардың арасынан ең үздік көрсеткішке ие бір құрама да негізгі кезеңге өте алады. Ал 19 жасқа дейінгі құрамалардың финалдық турнирі 2012 жылдың мамыр айында Эстонияда өтеді.

Арсен Жанаділ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×