Жақсыбеков басқарғалы жақсармады

25.04.2020, 18:26
25 сәуір Қазақстанда футбол күні. 2002 жылы 25 сәуірде Қазақстан футбол федерациясы УЕФАға мүше болып тіркелді.
Жақсыбеков басқарғалы жақсармады

Міне, содан бері 18 жыл өте шығыпты. Еуропа футболына қадам жасап, жарқын болашақты аңсағанымыз әлбетте дұрыс шешім болды. Қазақстанның клубтары еурокубокте ойнай бастады, ұлттық құрамамыз әлемнің шоқ жұлдыздарымен кездесті, Қазақстанға танымал аяқдопшылар келе бастады. Мұның барлығы әрине Рахат Әлиевтің Қазақстан футболын Еуропаға кіргізіп кеткенінің арқасы.

Бірақ, содан бері 18 жылдың ішінде біз қарыштап дамымасақ та, әжептеуір алға жылжуымыз керек еді. Алайда, олай болмай шықты. Рахат Мұхтарұлының қазасынан кейін ел футболы талан-таражға түсті. Әркім келіп бір шоқып кететін астауға айналды. Сыртта қалып кетіп, бөліске түсе алмағандар ел футболын сын садағына алып отырды. Ал біз тек ақиқатын айтайық.

2007 жылы Қазақстан футбол федерациясы басшылығына Әділбек Жақсыбеков келді. Талай бизнессті өрге домалатқан мықты менеджер ел футболын аяққа тұрғыза алмады. Оған әлбетте біршама адам көмектесіп, қазақ футболына түрлі эксперименттер де жасап көрді. Бірақ, Жақсыбеков келгеннен футболымыз жақсы болып кете қойған жоқ.

Мысалы елімізде 2002 жылдан бері жөндеу көрмеген стадиондар баршылық. Қазақстан футбол федерациясы елордадағы «Футбол үйін» соққанан өзге ешқандай құрылыспен айналысқан жоқ. Яғни инфроқұрылым бәз баяғы. Қазақстанның ішкі біріншілігі бюджет қаржысын игерумен айналысып келеді. Ұлттық құрамалардың деңгейі еш өсе қойған жоқ. Қазақстанның 17 жасқа дейінгі балалары Венгрия секілді ортаңқол ұжымдардан оңбай ұтылып жүр. Жастарымыз іріктеу додасында үнемі жеңіліп қалады. Бас команданың жайы бұрыннан белгілі.

Жақсыбеков басқарған футболға қол салып, оны тіпті тартып алған тарап та болды. Ол Дархан Қалетаевтың қолдауын иеленген Ерлан Қожағапанов еді. Ерлан Тоқтарханұлы келе салып ел аралап, қазақ футболының өте қиын жағдайда екенін көріп шықты. Ардагерлермен кездесіп, инфроқұрылымды дұрыстау қажет екенін айтты. Бірақ, ол кісі де футболдың кейбір проблемаларын жетік біле қоймады. Осы бір тартыстан кейін федерация басшылығына уақытша Сейілда Байшақов келді. Ол кісі ардагер, аты аңызға айналған тұлға екені рас. Бірақ, құжат бойынша федерация президенті болғанымен көп ештеңе шеше қойған жоқ. Араға көп уақыт салмай Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясының президенті болып қайта сайланды. Жалпы алғанда Әділбек Рыскелдіұлы ел футболын 10 жыл басқарды. Бірақ, қазақ футболындағы проблемалар еш өзгермеді. Сол инфроқұрылым, сол жемқорлық. Мені таң қалдыратын жайт министр, қала әкімі, банк басқармасы секілді ірі қызметтерде жүретін Жақсыбеков мырзаның соры бес елі қазақ футболын өзгенің басқаруына бергісі келмейтінінде болып тұр. Неге?

Бүгін федерация сайтына Әділбек Жақсыбеков қазақстандық жанкүйерлерді футбол күнімен құттықтап мақала жазыпты. Онда мынандай сөздерді келтіріпті. «Балалар футболы мен ұлттық құрамалар дамыды. Инфроқұрылым ретке келді. Көптеген жасыл алаңдар соқтық». Осы сөйлемдерден кейін ары қарай оқудың өзі артық болар. Әлеуметтік желілерде осы жазбаның астына жанкүйерлердің наразы болған пікірлерін оқып отырып-ақ ҚФФ президенті айтқан ақпараттардың барлығы жалған екенін анық байқауға болады ғой.

Дегенімен, біз әрқашан болашаққа сеніммен қарайтын ұлтпыз. Қазақ футболы қолынан іс келетін адамдардың қолына тиіп, талай таланттарымыз Еуропа футболын бағындырар. Елімізде стадиондар жақсарып, жасыл алаңдардың сапасы да жөнделер. Футболымыз жемқорлықтан арылып, ел бюджетін жымқыруы да тоқталар. Әзірге, Қазақ футболының күні құтты болсын дей отырайық. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.75
Ничья
3.895
П2
1.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×