Жапония мен Колумбия - 1/8 финалда

29.06.2018, 04:20
Жапония мен Колумбия - 1/8 финалда
Футболдан әлем біріншілігінде H тобының ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Польша Жапония қақпасына жауапсыз бір гол соғып жеңіске жетсе, Сенегал мен Колумбия құрамалары арасындағы матчта да бір ғана гол соғылды. Осылайша, 6 ұпай жинаған Колумбия H тобынан бірінші орынмен шықса, бір ұпайы кем Азия құрлығының өкілі Жапония екінші жолдамаға ие болды. 4 ұпай жинап, жапондармен бірдей көрсеткіш көрсеткен Сенегал құрамасы сары қағазы көп болғандықтан үшінші орынға тұрақтады. Ал Польша көш соңында. Әлем чемпионаты - 2018. H тобы Жапония - Польша 0:1 (0:0) Голдар: Беднарек 60' Жапония: Кавасима, Х. Сакаи, Йосида, Макино, Нагатомо, Ямагучи, Сибасаки, Г. Сакаи, Окадзаки, Усами, Муто. Польша: Фабьянски, Берешинский, Глик, Беднарек, Курзава, Крыховяк, Горальски, Енджейчик, Зелиньски, Гросицкий, Левандовски. Сенегал - Колумбия 0:1 (0:0) Голдар: Мина 74' Сенегал: Ндиайе, Сабали, Кулибали, Сане, Гассама, Сарр, Куяте, Гуйе, Мане, Кейта, Ньянг. Колумбия: Оспина, Ариас, Санчес, Мина, Мохика, Санчес, Урибе, Куадрадо, Кинтеро, Хамес, Фалькао.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×