Жанкүйерлер жеңілістен соң аргентиналық бас бапкердің бетіне түкірді

22.06.2018, 18:25
Жанкүйерлер жеңілістен соң аргентиналық бас бапкердің бетіне түкірді

Жанкүйерлер Аргентина құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаолиге Хорватия құрамасымен болған ойын кезінде балағат сөздер айтып тастады. Бұл туралы sports.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жанкүйерлер тарапынан 58 жастағы латиноамерикалыққа жасалған ең сорақы шабуылдар "альбиселесте" қақпасына екінші мен үшінші гол салынғаннан кейін болды. Жанкүйерлер Сампаолиге түкіріп, трибунадан суы бар бөтелкелер лақтырған. Кейбір аргентиналықтар бапкерді неше түрлі балағат сөздерімен жамандап, "жезөкшенің ұлы" деп те айқайлап жатты. Еске салайық, Аргентина құрамасы Хорватиямен болған ойын кезінде 0:3 есебімен жеңіліс тапты.

NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×