Жанкүйерлер Томасовты «Шахтерға» қарсы кездесудің үздігі деп таныды

17.07.2018, 23:12
Жанкүйерлер Томасовты «Шахтерға» қарсы кездесудің үздігі деп таныды
«Астана»Премьер-Лиганың кезекті туры аясында қарағандылық «Шахтерді» 2:0 есебімен жеңген еді.

Үзіліс кезінде алаңға шығып, кеншілер қақпасына елорда командасының екінші голын соққан Марин Томасов жанкүйерлер тарапынан барынша көп дауыс жинап, аталмыш кездесудің үздігі атанды.

Екінші орында 20 жастағы Қазақстан құрамасы және «Астана» футбол клубының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов. Жас футболшы бұл ойында сол жақ қапталдағы қорғаушының міндетін атқарып, қарсылас команда қақпасына 3 соққы бағыттаған еді.

Үздік үштікті команданы осы кездесуге капитандық белгімен бастап шыққан Абзал Бейсебеков қорытындылады.

Дауыс беру бойынша үздік бестік: 1 Марин Томасов 48,7% 2 Бактиер Зайнутдинов 13,1% 3 Абзал Бейсебеков 9,8% 4Алексей Щеткин 7,9% 5 Ласло Кляйнхайслер 5,6% Сауалнамаға 3 418 адам қатысты.

fcastana.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×