Жанкүйерлер Мұртазаевты «Сутьескаға» қарсы кездесудің үздігі деп таныды

13.07.2018, 22:11
Жанкүйерлер Мұртазаевты «Сутьескаға» қарсы кездесудің үздігі деп таныды
«Астана» ФК-ның Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер «Сутьескаға» қарсы кездесудің үздік ойыншысы деп Роман Мұртазаевты дауыс беру арқылы анықтады. Жанкүйерлердің үздік ойыншыны дауыс беру арқылы анықтағанын клубтың ресми сайты хабарлады.

Черногория чемпиондары қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы Роман Мұртазаев еді. Роман 11 мертлік айып соққысын сәтті орындаған болатын.

Екінші орында Ласло Кляйнахайслер. Венгриялық ойыншы жанкүйерлердің 12,4%-ның қолдауына ие болыпты.

Үздік үштікті Марин Томасов қорытындылады. Хорватиялық жартылай қорғаушы кездесуде қарсылас команда қақпасына ең көп қауіп төндірген футболшылардың бірі атанды.

 Дауыс беру бойынша үздік бестік: 1.Роман Муртазаев 35,6% 2.Ласло Кляйнхайслер 12,4% 3.Марин Томасов 10,4% 4. Ненад Эрич 10% 5.Дмитрий Шомко 7,2% Дауыс беруге 3 615 адам қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×