Жанкүйерлер Логвиненконы «Атырауға» қарсы кездесудің үздігі деп таныды

31.07.2018, 03:24
Жанкүйерлер Логвиненконы «Атырауға» қарсы кездесудің үздігі деп таныды
«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер «Атырауға» (2:0) қарсы кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады. Роман Григорчук шәкірттерінің осы кездесудегі алғашқы голының авторы елорда командасының қорғаушысы Юрий Логвиненко жанкүйерлер тарапынан 37,6% дауыс жинап, үздік атанды. Екінші орында астаналық жанкүйерлердің үздік ойыншыларының бірі Жуниор Кабананга. Конго ДР құрамасының шабуылшысы Сауд Арабиясынан жарты жыдан кейін командаға қайта оралған еді. Осылайша, «Атырауға» қарсы кездесу бұл ойыншының команда құрамына қайта қосылғаннан кейінгі алғашқы матчы ретінде тіркелді. Үздік үштікті тағы бір «құрғақ» матч өткізген «Астана» капитаны Ненад Эрич қорытындылады. Сауалнама бойынша үздік бестік: 1.Юрий Логвиненко 37,6% 2.Джуниор Кабананга 12,8% 3.Ненад Эрич 10,62% 4.Сергей Малый 7,77% 5.Бактиер Зайнутдинов 7,27% Дауыс беруге 3 399 адам қатысты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×