Жаңа жейдемен жаңа жеңістерге!

26.04.2022, 00:49
«Тараз» фк болашақ ойыншылары 4 жыл бойы команда жейдесін ала алмай келген.
Жаңа жейдемен жаңа жеңістерге!


ҚПЛ аясында «Тараз» өз аланыңда «Шахтерді» 2:1 есебімен сенімді жеңді. Тартысты ойынның екінші жартысында Әулие-Ата жерінің командасы сапында 9 қазақстандық футболшы өнер көрсетті. Көбінесе жергілікті жігіттер. Соның бірі Бауыржан «Баджо» Байтана. Маэстро Лука Модричке сәлем жолдаған «Баджоның» бұл матчтағы ойының жазбаған спорт пабликтері қалмаған шығар.9k=

Резервтіде көзден таса қылып алмауды мақсат еткен «Тараз» 500-ге жуық форма жиынтығын сатып алды. Қаржыландыру демеушілік тараптардың келісімімен жүзеге асты.

Бүгінде ел футболшыларын дайындайтын футбол орталықтары өз түлектеріне тиісті қолдау білдіре алмай қиналады. Мәселе сол баяғы команданың атрибуттары бар жейденің не жетіспеуі, не мүлде берілмеуі. Футболға керек жабдықтардында жетіспеуі ел футболының жанды жерін шымшып отырғаны құпия емес.

Қаржыны мөлшерімен алатын кейбір командаларды өз басым кейде аяймын. Басына күн туса болды тыпыршықтап ақша іздеп кетеді. Бір жыртық жамап жатқанда екіншісі мен-мендеп тұра қалады. Осы кезде клуб тізгініңде мықты басшы болмаса команданың әр күні арпалыспен өтті дей беріңіз. Футбол әлемі қатал. Ел еңсесін тіктеп келген «Ертістің» өзі ұсақ-түйек мәселелерді шеше алмағандықтан опық жеп еді. Ақыры банкрот болып тынды. Жарыстарға шығу үшін қаржы табуды күнтізбелік жоспарына енгізіп алған футбол орталықтарының басшылығы, түлектеріне талап қоюға мәжбүр. Талаптарының сарыны айдан анық. Атам заманда берілген команда жейдесін ұқыпты ұстау жас футболшылардың мойнына артылған міндетке айналды.

Балалардың күлкісінен қарыз артық болыппа, деген «Тараз» командасы түлектеріне жаңа жейделер табыстады.Z

Осы күндері оңтүстік ұжымның футбол орталығында тосынсыйға баламалы жәйт орын алды. Барлық жастағы қыздар мен балаларға су жаңа жейделер табысталды. 4 жыл бойы жаңа форма алмаған футболшылар таңданысын жасыра алмады. Клуб жейдесін алған жас аяқдопшылардың кейбірі жаңа форманы дәл сол сәтте киіп көруге де қарсы емес.

Жейде мәселесін шешуге ат салысқан ETKY отандық компаниясы орталықта тәрбиеленіп жатқан мыңдаған жасөспірімнің ертеңгі күнге деген сенімін арта түсті. Команда басшысы Жандос Қонысбаевтыңда ерең еңбегін айтып өткеніміз абзал. Екі маусым қатарынан демеуші тапқан Ахметов басшы қандай болуы керек деген сауалға іспен жауап беріп жүр.

«Тараз» жайлы бір қосарымыз бар. «Тараз-Қаратау» командасы Бірінші Лигада өнер көрсетуден бас тартты. Бірақ, оның орнын «Тараз Ж» командасы басты. Бір айырмашылық «Тараз Ж» Екінші Лигада ойнайды. Бұнымен не айтқанымыз келді. Жамбылдық ұжым қандай жағдай болмасын өз мақсаттарына ұмтылады. Бұндағы мақсаттың орындалуына кепіл жергілікті түлектер.

«Тараз» футбол орталығының түлектері команданы ешқашан жерге қаратпаған. Ел арасындағы турнирлерде топ жарған түлектер басшылықтың көзіне ерте ілігуі керек еді деген ойымыз бар.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×