Жаңа заңнама. Енді «Ақтөбе» легионерлерінің айлығын облыс бюджетінен төлемей ме?

21.02.2025, 11:06

Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов «Ақтөбеге» қатысты біраз дүниені тілге тиек етіпті.  

Жаңа заңнама. Енді «Ақтөбе» легионерлерінің айлығын облыс бюджетінен төлемей ме?
"Ақтөбе" футболшылары

Айтқанының арасында легионерлерге қатыстысы көңілге қонымды.

«Биыл «Ақтөбе» футбол клубына 2,4 миллиард теңге бөлінді. Енді клубтан ел чемпионаты мен кубогінде жоғары нәтиже күтілуде. Еурокубоктерден де жоғары көрсеткіш керек. Дәл қазір легионерлердің еңбекақысын төлеу жөніндегі заңнаманың өзгерістерін тосып отырмыз. Онда шетелдік футболшыларды бюджеттен тыс қаржыландыру мәселесі қарастырылады. Міне осы бағытта жұмыс жүріп жатыр», - деген еді М. Махамбетов.

Айта кетейік, ақтөбелік ұжым өткен ҚПЛ-ді үшінші орынмен аяқтаған. Жазда команда ел намысын Еуропа Лигасында қорғамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×