Жамбыл Көкеев: Ойын есебіне көңіліміз толмайды

29.07.2018, 15:16
Жамбыл Көкеев: Ойын есебіне көңіліміз толмайды
"Ақтөбе" жартылай қорғаушысы "Ақжайықпен" тең өткен ойыннан кейін пікір білдірді. - Бүгін жақсы ойын болды. Қос команда да ауа-райының қолайсыздығына қарамастан алаңда көп еңбектенді. Күн өте ыстық болды. Негізі ұтып тұрған жеріміз еді. Есепті еселейміз деп жүріп, қорғаныста бір сәт босаңдық танытып қойдық. Қарсылас бір қарымта шабуылын ұтымды пайдаланып кетті. Біз екі таймда да басым ойнадық. Жеңіп жатқан кезде де гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Ойын есебіне көңіліміз толмайды. Енді өз алаңымызда өтетін екі ойынға дайындаламыз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×