![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/07/дидар-480x276.jpg)
KazFootball.kz сайтының хабарлауынша, "Астанаға" тиесілі 22-жасар ойыншы Дидар Жалмұқан "Атырау" құрамын толықтыруы мүмкін.
"Ақтөбенің" түлегі Премьер-Лигадағы алғашқы ойынын 2014 жылы өткізген. Ақтөбеліктер сапында 59 матч өткізіп 10 гол салған.
2017 жылғы маусымда "Астана" қатарына ауысып 17 ойында 3 гол соғып, 3 голдық пас берген. Кейінірек "Тобылға" жалға берілді. Осы маусым басынан "Ақтөбе" құрамына қайта жалға берілген, 4 ойында алаңға шыққан.