Жағажай футболынан ҚР құрамасы Грекияны тас-талқан етті

22.07.2018, 16:53
Жағажай футболынан ҚР құрамасы Грекияны тас-талқан етті
Еуролиганың екінші ойынында Қазақстан құрамасы Грекия құрамасының қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Ерлан Жамантаев шәкірттері топтық кезеңдегі екінші кездесуде Грекияны 4:0 есебімен жеңді. Ойында гол соққан футболшылар - Дмитрий Перевертов, Игорь Демешко, Виталий Тюльпа және Баянбек Муралинов. Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын ертең, 22 шілде күні Литва құрамасына қарсы өткізеді. Грекия - Қазақстан - 0:4 (0:3) Голдар: Перевертов, Демешко, Тюльпа, Муралинов. Қазақстан құрамасы: Чорный (к), Гаврилов, Демешко, Скударнов, Муралинов, Перевертов, Чапанов, Тюльпа, Мақажанов, Макагон. Төрешілер: Листратов, Иванов, Картман.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×