Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Еуролиганың В дивизионында сынға түсті.
Еуролиганың В дивизионындағы топтық кезеңінің соңғы ойынында Қазақстан құрамасы Литва футболшыларымен кездесіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Мәскеуде өткен ойынның алғашқы екі кезеңінен кейін ойын 2:2 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының сапынан Станислав Макагон мен Баянбек Мұралинов көзге түссе, литвалықтардан Адриус Плитникас пен Айварас Мешкинис гол соқты.
Шешуші кезең толықтай Қазақстанның басымдығымен өтті. Баянбек Мұралинов екінші голын соқса, Игорь Демешко екі гол соқты. Виталий Тюльпа да мергендік танытты. Қорытынды есеп - 7:5.
Алғашқы екі ойында Ерлан Жамантаев командасы Молдовадан 7:6 есебімен, Грекиядан 4:0 есебімен басым түсті. Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы В дивизионының үшінші тобында бірінші орын алды.
Қазақстан - Литва - 7:5
Голдар: Макагон, Мұралинов (3), Демешко (2), Тюльпа - Плитникас (2), Мешкинис (2), Радавичиус
Қазақстан құрамасы: Чорный (к), Гаврилов, Демешко, Скударнов, Мұралинов, Перевертов, Чапанов, Тюльпа, Мақажанов, Макагон.
Бас бапкер - Е. Жамантаев.
Төрешілер: Баги, Кутция, Листратов.
22.07.18. Мәскеу. «Янтарь» стадионы.
kff.kz