«Зениттің» ардагері әрі бұрынғы бапкері Алексей Стрепетов Нұралы Әліптің өнерін жоғары бағалап, болашағынан зор үміт күтетінін тілге тиек етті.
«Ол негізгі құрамдағы орны үшін таласуы тиіс. Әліп өте әлеуетті ойыншы, сол аяғымен жақсы ойнайды, шабуылды бастай алатын қабілеті бар. Қазір «Зенитте» допты тартып алу мен ойынды оқуы жағынан үздіктердің бірі. Тіліп өтер өткір пас беретіні қуантады, алайда, онысын сирек көрсетеді. Әліп қазірдің өзінде негізгі құрамның ойыншысы саналады әрі шеберлік тұрғысынан да әжептәуір өскен. Қазақстан құрамасында да көшбасшыға айналады деп үміттенемін. Әліп алда әлі осы команданың да капитаны болып қалар деп сенемін, себебі, онда өссем, үлкен футбол ойнасам дейтін ниеті бар», - деген болатын питерлік клубтың ардагері.
Айта кетейік, Нұралы Әліп «Зенитке» «Қайраттан» ауысып барған еді. Питерлік клубпен келісімшарты 2028-жылдың жазына дейін жарамды. Ресей премьер-лигасының 2024/25-жылғы маусымында 12 ойында алаңға шықты, бір гол салды.
Біздің серіктес: FONBET