Санкт-Петербургтің "Зениті" "Барселона" шабуылшыны Малкомға керемет ұсыныс жасап отыр.
Ресей клубы 22 жастағы бразилиялық сұрмергенге жылына 6.5 млн. еуро жалақы төлеуге дайын деп хабарлайды Goal.com. Ал Малком қазір "Барса" сапында жылына 4 млн. еуро көлемінде жалақы алады.
Естеріңізге сала кетейік, ертеректе "Зенит" Малкомды 40 млн. еуроға сатып алуға әзір екені туралы ақпарат тараған-ды. Футболшы да өз кезегінде өзге клубқа ауысудан кетәрі емес. Айта кетейік, ойыншыны 2018 жылдың жазында "Барса" 41 млн-ға сатып алған еді.
Өткен маусымда ойыншы "блауграна" жейдесінде 24 ойында алаңға шығып, 4 голдың авторы атанған. Каталон клубына ауысқанға дейін 2015-18 жылдар аралығында "Бордо" сапында тер төккен.
Шамкен Байырбек.
Біздің серіктес: FONBET