Збигнев Бонек:«Балотеллидің 15 келі артық салмағы бар, сондықтан оның алаңда пайдасы жоқ»

11.09.2018, 18:58
Збигнев Бонек:«Балотеллидің 15 келі артық салмағы бар, сондықтан оның алаңда пайдасы жоқ»
Польша футбол федерациясының президенті Збигнев Бонек Италия құрамасының шабуылшысы Марио Балотеллиге қатысты өзінің сын-пікірін айтты. «Ұлттар лигасы» аясында Италия мен Польша кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын. «Мен алаңға 15 келі артық салмағы бар футболшыны шығармас едім. Саккимен матчтан кейін бірден сөйлестім, Баотеллидің ойынға дайын емес екенін екеуімізде білдік.  Марионың қазіргі жағдайы маған аянышты көрінді. Өйткені ол кезінде «Ювентус» пен «Интер» арасындағы ойындарда қалай ойнағанын жақсы білемін. Бірақ бұл оның өз кінәсі. Кәсіби футболшы ешқашан мұндайға жол беруге болмайды. Мұндай жағдайда оның алаңда еш пайдасы жоқ. Керемет футболшы болу үшін әрдайым спорттық бабынды сақтауың керек»,  - дейді Збигнев Бонек.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×