ЦСКА клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтің агенті ойыншының «Аталантаға» ауысқаны туралы жаңалықты әзіл деп хабарлады.
«Бұл бірінші сәуірге арналған әзіл болатын. Мен басқа ештеңе айта алмаймын», - деді Новиков Championat.com сайтына берген сұхбатында.
Бұған дейін Vesti.kz сайты 1 сәуірде ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің «Аталанта» командасымен бес жылдық келісім-шартқа отырғаны туралы хабарлаған еді. 22 жастағы футболшының осы маусымды ЦСКА-да аяқтайтыны, содан кейін Италияға кететіні де айтылды.
Зайнутдинов ЦСКА-ға өткен жылы ауысты. Осы маусымда 22 жастағы жартылай қорғаушы Ресей Премьер-лигасында 22 матч өткізіп, бір гол соқты, бір нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET