Зайнутдинов алаңға қашан оралады?

01.04.2021, 03:35
Ойыншы бірнеше күн бұрын ЦСКА клубына оралған еді.
Зайнутдинов алаңға қашан оралады?

ЦСКА-ның қазақстандық жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың агенті Евгений Новиков ойыншының қанша уақытқа қатардан шыққаны туралы айтты, деп хабарлайды Championat.com.

«Бақтиерға қайта қалпына келу үшін екі апта немесе одан да көп уақыт керек. Дәрігерлер қалпына келу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын бақылайды. Ол кеше МРТ-дан өтті», - деді Новиков.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Зайнутдиновтің ЦСКА сапындағы соңғы матчта жарақат алғанын айтқан болатын, алайда мәскеулік клубтың медициналық штабы бұл туралы ұлттық құрама өкілдеріне хабарламады. Жарақаттың салдарынан Бақтиер Франциямен болған матчқа қатыса алмады, содан кейін ол әлеуметтік желілерде жанкүйерлер тарапынан үлкен сынға ұшырады. Футболшы бұған жауап ретінде жарақаты жайлы анықтаманы көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×