"Ювентус" Пауло Дибаланы 100 млн. еуроға сатпақ

19.04.2019, 20:52
"Ювентус" Пауло Дибаланы 100 млн. еуроға сатпақ
"Tuttosport" басылымы 25 жастағы аргентиналықтың "Ювентустан" кетуі бек мүмкін деп жариялайды.  "Ювентус" басшылары жазғы трансферлік кезеңде Пауло Дибаланы сатуды жоспарлауда. Бірақ жай сатып қана қоймай, 100 млн. еуродан артық көлеміндегі келісімге ғана көнуге дайын. Себебі, "бьянконер"  Мохамед Салах пен Мауро Икардиді сатып алуға біраз қаражатты осылайша таппақ. Айта кетейік, Пауло мен Ювентус арасындағы келісім шарт 2022 жылға дейін өз күшінде. Биыл шабуылшы барлығы 39 матчта алаңға шығып, 10 рет қана қарсылас қақпашысын қапы қалдырған екен.

 Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×