"Ювентус" Андреа Пирлоны клубтың осы маусымдағы нәтижесіне қарамастан бас бапкер қызметінен босатады, деп хабарлайды Tuttosport.
Бұл лауазымға "Реал Мадридтің" бас бапкері Зинедин Зидан мен "Наполидің" жаттықтырушысы Дженнаро Гаттузо басты үміткер ретінде қарастырылуы мүмкін.
"Ювентустың" президенті Андреа Аньелли көптен бері Зиданды командаға шақырғысы келген еді. Тіпті 2019 жылы келіссөздер жүргізілген, бірақ Зидан "Реал Мадридке" оралу туралы шешім қабылдады.
48 жастағы жаттықтырушының туриндік клубқа келуіне оның жалақысы кедергі болуы мүмкін. "Реал Мадридте" Зидан жылына 12 миллион еуро алады, ал "Ювентус" пандемия жағдайына байланысты мұндай қаржыны төлеуге дайын емес.
"Ювентуске" маусым соңында "Наполиден" кетеді деп күтіліп отырған Гаттузомен келісім-шартқа отыру оңайырақ болады. Оның агенті Жорже Мендеш "Ювентус" басшылығымен жақсы қарым-қатынаста және бұл келіссөздерге өз көмегін тигізе алады.
Массимилиано Аллегри де туриндік клубқа оралуы мүмкін. Алайда, бұл бапкер командаға оралса, клубтың спорттық директоры Фабио Паратичи мен вице-президент Павел Недведке қызметінен кетуге тура келеді.
Біздің серіктес: FONBET