Юрий Максимов: «Таразда» мені ойыншылар «сатып» кетті

29.06.2018, 17:55
Юрий Максимов: «Таразда» мені ойыншылар «сатып» кетті
Әзірбайжандық «Кешля» клубының бас бапкері Юрий Максимов «Тараз» клубында отандастарының «сатып» кеткені, сол үшін де украиналық футболшыларды командасына алмайтынын айтты. - Құрамға кез келген ойыншыны ала бергім келмейді. Украинада мықты футболшылар көп, алайда белгілі бір жағдайлармен олардың көбі шетелге кетті. Шынымды айтсам, «Кешляға» украиналық ойыншыларды алу туралы ойымда болмапты. Бұған өзіндік себебі бар. Қазақстандық «Таразда» өзімнің отандастарым ойынды қарсыласқа беріп, мен сатып кетті. Осыдан соң мен басқарған командада украиналық футболшылардың болмайтынына уәде бердім, - дейді «Тараздың» бұрынғы бас бапкері azerifootball сайтына берген сұқбатында.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×