Ағылшын премьер-лигасы өзінің "Твиттер" әлеуметтік желісіндегі дауыс берудің қорытындысы бойынша "Ливерпуль" бас бапкері Юрген Клопптың наурыз айының үздік бапкері атанғанын жариялады. Неміс жаттықтырушысы өткен айда өз командасымен 4 ойын өткізіп, 3 рет жеңсе, 1 ойында тең түскен.
Юрген Клопптан бөлек, тізімде Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити"), Ральф Хазенхюттль ("Саутгемптон"), Брендан Роджерс ("Лестер Сити") пен Марк Силва ("Эвертон") сынды мамандар болған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.