Ян Вороговский: «Командада болғандардың барлығын аңыз десек те болады»

23.09.2022, 14:34
Вороговский бапкер қай позицияға қойса, сол жерде ойнауға дайын екенін мәлімдеді.
Ян Вороговский: «Командада болғандардың барлығын аңыз десек те болады»

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский KazFootball.kz сайтына берген сұхбатында Беларусь құрамасына қарсы өткен ойынға (2:1) қатысты пікір білдірді:

- Бүгін командада болғандардың барлығы тарихқа енді! Барлығы жарады! Бәрін де аңыз деп айтсақ болады (күлді). Ойын қиын болды, бұған дейін айтылғандай, Беларусь біз үшін қиын қарсылас. Бірақ бүгінгі ойын біздің пайдамызға шешілді.

- Бірінші таймда ойын біршама тартысты өтті. Үзілісте Магомед Мұсаұлы Сізге не деді?

- Ол бізді қолдап, мотивация берді. Біз өзімізге сеніп, екінші таймда гол соғып, қарсыластан толықтай басым түстік.

- Бүгін сол қапталдағы қорғаушы ретінде, ал алдыңғы матчтарда шабуылға жақын ойнадыңыз. Сіз үшін қай позиция ыңғайлы?

- Бапкер қайда қойса, мен сонда ойнаймын. Ұлттық құрамадағы матчтар мен үшін үлкен мәртебе.

- Бүгінгі атмосфераға қандай баға берер едіңіз?

- Керемет болды. Біз осылай болады деп күттік, өйткені матч өз алаңымызда өтті. Бізді қолдауға келген барша жанкүйерлерге және теледидар арқылы қолдау көрсеткендерге рахмет. Бұл ойын алдында да, ойын барысында да сезілді.

– Тапсырманы ерте орындағандықтан Әзербайжанға қарсы ойында қандай жоспар қолданасыздар?

- Біз үш ұпай үшін күресеміз. Менің ойымша, құрамда ротация болады, жігіттер мүмкіндік алады, бірақ соңғы шешімді бапкер қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×