Латвия – Қазақстан ойыны алдында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский тілшілер сауалына жауап берді.
- Барлығы керемет қалыпта. Тек бізге топтағы нәтиже ғана ұнамайды. Біздің басты мақсатымыз топтан шығу. Сондықтан да біз ертеңгі ойында бар күшімізді салып, ел үшін намысқа тырысатын боламыз.
- Латвия құрамасы жайлы не айта аласыз?
- Мұндай жарыста осал қарсылас жоқ. Жанкүйерлер үшін жақсы ойын болады деп есептейміз. Басты мақсат осы матчтан үш ұпай еншілеу.
- «Қайрат» командасында жүріп биыл сәтсіз өнер көрсеттіңіздер? Осының барлығы ұлттық құрамадағы ойыныңызға әсер етпейді.
- «Қайраттағы» сәтсіздіктерді ұмытып, енді Ұлттық құрамамен бірге ойнап жатырмыз. Сондықтан да, бұл басқа команда, мұнда басқа мақсаттар. Біз сол мақсаттарды іс жүзіне асыру үшін тер төгеміз.