![Якуб Поульсен: «Астана» - еурокубоктерде жинаған тәжірибесі мол, өте мықты команда»](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2018/07/24/9a4fa6548442207e2f02eab3b8e56517.jpg)
- «Астана» - еурокубоктерде жинаған тәжірибесі мол, өте мықты команда. Ертең бізді өте қиын кездесу күтіп тұрғанын білеміз. Алайда, жеңіске жете алатынымызға сенемін.
- «Мидтьюлланд» командасы ертең бес қорғаушымен өнер көрсетеді деген сыбыс бар. Бұл ақпарат қаншалықты шандыққа жанасады?
- Бұл сұрақты команда бас бапкеріне қойғаныңыз дұрыс болар.
- «Манчестер Юнайтед» командасына қарағанда, «Астананы» жеңу қиын болады деп ойлайсыз ба?
- «Манчестер Юнайтед» - «Астана» командасымен салыстырғанда мықтырақ, үлкен клуб. Ал астаналықтар болса өз алаңында өте жақсы ойнайды. Бірақ, біздің жеңіске жету мүмкіндігіміз бар.
Біздің серіктес: FONBET