Владислав Васильев: «Қазақстан құрамасы үшін ойнағым келмейді деп айтқан емеспін»

07.10.2020, 23:12
Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасы аясында Албания мен Беларуссияға қарсы матч өткізеді
Владислав Васильев: «Қазақстан құрамасы үшін ойнағым келмейді деп айтқан емеспін»

Алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған беларуссиялық «Рухтың» 23 жастағы жартылай қорғаушысы Владислав Васильев Prosports.kz сайтына берген сұқбатында біздің ұлттық құрама сапында ойнағысы келмейтіні туралы айтылған барлық қауесеттерді жоққа шығарды.

- Владислав, Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына шақырту алуыңыз құтты болсын! Іштей күтіп жүрдіңіз бе?

- Құттықтауларыңыз үшін көп рахмет! Шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Ия, «Рухтың» Беларусь чемпионатындағы соңғы нәтижелері мен жеке өзім көрсете алған футболды ескере отырып, ақыры ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамының назарын аударамын деп сендім. Әрине, мені шақыратынына сенімді емес едім, бірақ оған шынымен үміттендім.

- Ұзақ уақыт бойы БАҚ-та сіз Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасында таңдау жасадыңыз деген қауесет тарағаны жасырын емес. Бұған мән беруге бола ма? Немесе мұндай әңгімелер орынды болды ма?

- Мұның бәрі дұрыс емес. Бұған дейін баспасөзде осы мәселе бойынша сөйлескен болатынмын және қайталауға дайынмын: мен Қазақстан құрамасынан басқа құрамада ойнау мүмкіндігін қарастырған жоқпын. Ақталып жататындай ештеңе істеген жоқпын. Қазақстан үшін ойнағым келмейді деп айтқан емеспін.

«Динамо-Брест» сапына ауысқан кезде жолдастық матчтар үшін ұлттық құрамаға уақытша шақырмауды өтіндім. Себебі клуб қатарында тұрақтап қалуым маңызды еді. Біз бапкерлер штабымен бір-бірімізді түсіндік.  

Одан кейін ұзақ уақыт шақырту алмадым. Лайықты болмадым деп ойлаймын. Сондықтан біреудің айта салған әңгімесін оқу жағымсыз болды. 

- Жасыңыз 23-те. Сіз Еуропада ойнаймын деп айта аласыз. Бірақ бұл сіз ұмтылған максимум ма, әлде сіздің амбицияңыз күшті чемпионаттарға ұласады ма?

- Әрине, мен өзімді мықты чемпионатта сынап көргім келеді. Арман - ағылшын премьер-лигасы. Бұл үшін ұлттық құрамадағы ойындардың көмегі зор, бәрі маған байланысты.

- Сіздің сүйікті командаңыз қандай?

- Мәскеулік ЦСКА. Бахтиер Зайнутдиновтың ойынына қызыға қараймын. Бәріне қол жеткізуге болатынына көзімді жеткізді. 

- «Қайрат» пен «Астана» арасындағы ойынды тамашалай алдыңыз ба?

- Матчты тікелей эфирде көре алмадым. Жолда болдым. Содан кейін, әрине, видеошолуды қарадым. Нәтиже маған заңды болып көрінді. «Қайраттың» ойыны әдемі, алтынға таласта басты фаворит деп санаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×