Владимир Вайсс: "Қазақстанға ұпай алу үшін келдік"
06.09.2018, 01:43
Ұлттар Лигасы аясында ертең Қазақстан құрамасына қарсы ойын алдында Грузия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс баспасөз жиынында журналистердің сұрақтарына жауап берді.- Владимир мырза, ертең жасыл алаңға шығатын ойыншылар тізімі белгілі деп айта аласыз ба?
- Жасыратыны жоқ, қазір анық деп айта алмаймын. Біріншіден, команда сапында кішігірім жарақаты бар ойыншылар да бар. Бұған қарамастан барлық жігіттер ертең алаңда менің нұсқауымды бұлжытпай орындауға әзір деп нық айта аламын. Екіншіден, бүгін ойыншыларымның өздерін жаттығу кезінде қалай көрсететінін біліп алғым келеді.
- Қазақстан құрамасының ойын мәнері сіз «Қайратты» жаттықтырған кезбен салыстарғанда қаншалықты өзгерді деп айта аласыз?
- Ең алдымен, «Қайрат» тізгінін ұстаған кезде өзіме көмектескен жандарға алғысым шексіз. Бірақ мен бұл жолы қазақ жеріне қарсылас команданы алып келдім. Үлкен өзгеріс деп бас бапкердің ауысқаны. Расында, Қазастанда мүмкін болған жүлденің бәрін жеңіп алған Станимир Стойлов бәсекеге қабілетті команда жасақтағанға ұқсайды. Яғни, топтағы бірінші орын үшін талас дәл Қазақстан құрамасымен болғалы тұр.
- «Астана Аренаның» жасанды жасыл алаңы Грузия құрамасының ойынына қаншалықты әсерін тигізуі мүмкін?
- Жасанды болғанына қарамастан жасыл алаңның сапасына қатысты мін болмауы керек. Бұл фактор екі командаға да тартысты ойын көрсетуге еш кедергі келтіре алмайды.
- Рейтинг жағынан жоғары орналасқандарыңыз белгілі. Оған қоса, Станимир Стойлов сіздерді топтағы фаворит деп бағалап отыр. Ертең командаңыз бірінші номермен ойнауға қауқарлы деп санайсыз ба?- Біздің өз ойын мәнеріміз бар. Иә, біз шабуылдаушы ойын көрсетіп келе жатырмыз деп айта аламын. Алайда, ертең екі тараптың да мүмкіндігі тең. Сол себепті, біз барынша ақылды футбол көрсетуге мүдделіміз.
- Алға қойған мақсттарыңыз топтан бірінші орын алу деп айта аласыз ба? - Иә, бірінші орын алу үшін барлық мүмкіндігіміз бар. Мен үшін әрбір ойыннан ұпай алу өте маңызды. Астанаға да біз ұпай еншілеу үшін келдік.
Шамкен БАЙЫРБЕК