Владимир Муханов: Бүгінгі ойынға қойған басты тапсырмамыздың бірі – бізге үнемі өте жоғары деңгейде қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлер үшін ойнау еді

12.08.2018, 17:32
Владимир Муханов: Бүгінгі ойынға қойған басты тапсырмамыздың бірі – бізге үнемі өте жоғары деңгейде қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлер үшін ойнау еді
«Ақтөбе» ФК бас бапкері қызылордалықтармен өткен ойынды қорытындылады – 3:1. -Біріншіден, жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Олар бізді өте қызу қолдап жүр. Бүгінгі ойынға қойған басты тапсырмамыздың бірі – бізге үнемі өте жоғары деңгейде қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлер үшін ойнау еді. Бүгінгі ойын бізге өте маңызды еді, себебі орындар бөліске түскен еді. Біз артық бір ойын өз алаңымызда өткізетін болдық. Үйде алты ойын өтпек. Сондықтан өзара кездесуде алғашқы алтылыққа таласқа түстік. Біз жақсы ойын көрсеттік деген ойдамын. Өткен ойындарға қарағанда, допқа жақсы иелік еттік. Соңғы ойындарда асығыс ойнап, жүйелі шабуыл жасау қиындау болған еді. Бірінші таймда салқынқандылық жетіспеді, кей жерлерде шеберлік жетіспеді. Екінші таймда сенімдірек ойнадық. Пенальти бойынша пікір білдіргім келмейді, бірақ ол эпизод «Қайсарға» екінші мүмкіндік бергендей болды. Қонақтар өз ойындарын жүргізгісі келді. Сол кезде біз шаршап қалып, бәлкім мәжбүрлікпен артқа қайтып ойнаған шығармыз. Көкеев дер кезінде гол соғып, ойынға нүкте қоя білді деген ойдамын. Командаға алғыс айттым. Біз бірінші кезеңнің тапсырмасын орындадық. Әрі қарай жалғастыра бергіміз келеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×