Винисиусты "Реалдан" 9 клуб жалға алуға ниетті

25.08.2018, 15:26
Винисиусты "Реалдан" 9 клуб жалға алуға ниетті
Корольдік клубтың жас бразилиялық ойыншысы негізгі құрамда болмайтынын естігендер шабуылшыны жалға алуға тырысуда. "Реалдың" жаңа жас ойыншысы Винисиус Жуниор клубтың екінші командасында ойнайтыны белгілі болғаннан кейін Испан примерасының жеті бірдей клубы ойыншыны жалға алуға ниет білдіріпті. Олар: «Райо Вальекано», «Вальядолид», «Бетис», "Реал Сосьедад", «Леганес», «Жирона» және «Эспаньол». Сонымен қатар, 18 жасар бразилиялықтан француздық "Нант" пен италиялық "Удинезе" де дәмелі. Ал, ойыншының өзі "Реалдан" кеткісі жоқ екен. Өз кезегінде жас ойыншының агенттері оның корольдік клубтың екінші командасына ауыстырылғанына наразы көрінеді. Естеріңізге сала кетсек, бразилиялық шабуылшы "Фламенго" клубынан "Реалға" осы жазда ауысқан болатын.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×