Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Винисиус Жуниор бразилиялық футболшылардың Чемпиондар Лигасындағы рекордын жаңартты, деп хабарлайды OptaPaolo.
Винисиус ширек финалда "Ливерпульмен" болған матчта дубль жасап (3:1), Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде екі немесе одан да көп гол соққан ең жас бразилиялық ойыншыға айналды (20 жас 268 күн). Ол 2004 жылы "Депортивоға" қарсы матчта (4:1) дубль жасаған Каканың (21 жас 336 күн) рекордын жаңартты.
УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы ойында "Реал Мадрид" өз алаңында "Ливерпульді" қабылдады. Кездесу Мадридтегі (Испания) "Альфредо ди Стефано" стадионында өтіп, 3: 1 есебімен аяқталды. Матчта Феликс Брих бастаған Германиядан келген төрешілер тобы қызмет етті.
Біздің серіктес: FONBET