Вардан Минасян: «Біз алаңға жеңеміз деген оймен шықтық»

26.05.2021, 01:46
«Тараз» бірінші айналымнан кейін алтыншы орынға табан тіреді.
Вардан Минасян: «Біз алаңға жеңеміз деген оймен шықтық»

«Тараздың» бас бапкері Вардан Минасян клубтың баспасөз қызметіне «Ордабасы» командасымен өткен ойын және бірінші айналымдағы көрсеткіш туралы пікір білдірді.

- Вардан мырза, тағы бір тартысты ойын артта қалды. Кездесу жайлы не айтасыз?

- Шиеленіске толы матч болды. Гол соғатын мүмкіндіктердің аз болуы да осыған тікелей байланысты. Бұл ойында шабуылдан гөрі қорғаныста жақсы ойнадық. Біз де, қарсылас та жеңіп кетуі мүмкін еді. Бірақ қорытынды есепке қос команда да лайықты болды.

- Сырт алаңда «Ордабасымен» тең ойнау жақсы нәтиже ме?

- Біз алаңға жеңеміз деген оймен шықтық. Осы тұрғыдан алғанда әрине есеп қанағаттандырмайды. Оның үстіне есепте алда болдық. Бір жағынан бізге сенімділік пен жақсы көңіл-күйге қайта ену керек болды. Оны жасай алдық деп ойлаймын.

- Елдос Ахметов күтпеген жерден гол соқты. Оның ойынына қандай баға бересіз?

- Қазір жекелеген ойыншыларды талқылағым келмейді. Мүмкін чемпионат соңында тоқталсақ болатын шығар. Бірақ Елдос уақыт өте келе өзін дамытып келеді. Оның бір жылдай ойнамағанын ұмытпауымыз керек.

- Матч кезінде Жоао Паулоны жіті бақылап ойнағандай көрінді...

- Біз қарсылас команданың ойыншыларының барлығын сараптап, зерделейміз. Әрине, негізгі құрамдағы тірек ойыншыларды да...

- Бірінші айналым аяқталды. «Тараз» алтыншы орында тұр. Нәтиже қанағаттанарлық па?

- Нәтиже туралы бір нәрсе айтуға әлі ертерек. Ең маңызды нәтиже – ол маусым соңындағы қорытынды көрсеткіш. Жекелеген ойыншылар мен команданың дамуын көруім керек. Біз қалыптасу кезеңіндеміз. Өз ойынымызды тұрақтандыруымыз керек. Алаңдағы жағдайға байланысты әрекет етуіміз үшін командада жарақат алған ойыншылардың болмауы өте маңызды. Бір нақты білетінім – ойындардың тығыз кестесі команданы физикалық және психологиялық тұрғыдан шаршатады. Демалыс керек.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×