"Валенсия" Батшуайиді жалға алды

11.08.2018, 02:52
"Валенсия" Батшуайиді жалға алды
"Челсидің" шабуылшысы Миши Батшуайи "Валенсияға" жалға берілді. Ауысымның орындалғанын екі клуб та растады. 24 жасар шабуылшыны жалға алу мерзімі бір жыл екен. Marca-ның мәліметі бойынша, Батшуайиды бір жылдық жалға алу сомасы 3 миллион еуроны құрайды. Былтырғы маусымда шабуылшы "Челси" сапында 12 ойында екі гол салған. Сонымен қатар, Дортмундтың "Боруссиясы" сапында жалға беріліп, 10 ойында 7 гол салған көрсеткіші де бар.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×