Қазақстан кубогының финалы алдында "Атырау" командасының бас бапкері Виктор Кумыков Кәсіпқой футбол лигасына сұқбат берді.
- "Қайраттың" шабуылы мықты, бірақ қорғанысы "тесік". Оны ішкі біріншілік көрсетті. Қорғаныстың қайта-қайта жіберетін қателіктерін шабуылы білдіртпей келді. Ал Еурокубокте ол айқын көрініп қалды. Ал финалда олар легионерлерсіз ойнаймыз дейді. Демек, қорғанысын қорықпай тексеріске алатын боламыз.