Үзілісте екі ойыншы алмасады

12.05.2020, 20:44
Халықаралық футбол федерациясы ресми матчтарда ойыншы алмастыруды бесеуге дейін көбейтуге рұқсат берді.
Үзілісте екі ойыншы алмасады

Бұл пандемияның кесірінен тоқтап қалған биылғы жылдың турнирлеріне қатысты шешім. ФИФА-ның ойыншы алмастыруға қатысты өзгерісін халықаралық футбол қауымдастығының кеңесі де мақұлдады. Қосымша екі ойыншы ауыстыру жағдайы тайм арасындағы үзілісте жүзеге асырылады. Яғни, ойын кезінде футболшы алмастырудағы үзіліс созылып кетпеуі керек. Қосымша 15 минуттық таймдарда командалар тағы бір мәрте ойыншы ауыстыра алады. Бұл өзгерістер карантинде толыққанды жаттығу жасай алмаған футболшыларға жеңілдік ретінде енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Бэйл мен Йович кетеді
Келесі жаңалық
Сон Хын Мин үздік сарбаз!
Aladop Youtube
×