Бүгін "Астана" мен "Тобыл" арасында үшінші турдың соңғы ойыны өтті. "Тобыл Аренада" өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 31-минутында Сергей Малый бұрыштамадан асырылған пасты сәтті пайдаланып есеп ашты. Ал жауапты голды 83-минутта Жарко Томашевич соқты. "Астана" қорғаушысы да бұрыштамадан асырылған пасты қақпаға дәл бағыттады.
Бұл ойыннан кейін қос команда да 5 ұпайдан жинап, сәйкесінше турнирьік кестеде үшінші, төртінші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET