
Ғалымжан Кенжебек Словакия чемпионатындағы алғашқы голы туралы айтты.
Қазақстандық футболшы кеше «Кошице» жейдесінде көшбасшы «Слованға» қарсы матчта жаңа клубының сапындағы дебюттік голын салған. Айта кетейік, отандасымыз «Кошицеге» Кипрдің Екінші дивизионының «Акритас» атты командасынан ауысқан болатын. Содан бері Словакия чемпионатында үш ойында өнер көрсетіп, бір ассист берген.
«Кошице» үшін гол соққаныма қатты қуаныштымын. Сондай-ақ, барлық жанкүйерлер мен мен үшін Қазақстанда қолдау білдіретіндерге алғыс айтқым келеді. Екінші таймда алаңнан кетуім бапкердің шешімі болатын. Владимир Вайссты көргеніме қуаныштымын. Мен бала болғанда «Қайратты» жаттықтыратын. Ол өте мықты бапкер», - деді Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы.
Ғалымжан Кенжебек «Қайраттың» түлегі. Алматылық клубтан бөлек елордалық «Жеңістің» намысын қорғаған. Станислав Черчесовтың кезінде Қазақстан құрамасының сапында Ұлттар Лигасының аясындағы ойында дебюттік кездесуін өткізді. Футболшының нарықтық құны 225 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET