Ямайкалық жеңіл атлет Усэйн Болт Аустралия чемпионатында өнер көрсетуі мүмкін.
31 жасар желаяқ аустралиялық «Сентрал Кост Маринерс» клубына алты апталық қаралымға барады. Егер, Болт өзінің футболшылық қырын таныта алса, біржылдық келісім-шартқа тұрады екен.
Бұған дейін ямайкалық жеңіл атлет "Боруссия" (Дортмунд) және "Стремсгодсет" (Норвегия) сапында жаттығу жасағаны белгілі болған еді.