Уругвайдың бас жаттықтырушысы Ресейдегі доп додасын тарихтағы ең үздік ӘЧ-ы деп атады.

06.07.2018, 07:57
Уругвайдың бас жаттықтырушысы Ресейдегі доп додасын тарихтағы ең үздік ӘЧ-ы деп атады.
Уругвайдың бас жаттықтырушысы Оскар Табарес Ресейдегі турнирді Әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздігі деп баға берді. - Егер өткен турнирлермен салыстырғанда, Ресейдегі чемпионат сапалы ұйымдастырылған, әсіресе, қауіпсіздік жағынан. Меніңше, бұл тарихтағы ең үздік турнир, - деп атап өтті Табарес. Уругвайлықтар 6 шілде күні Төменгі Новгородта  2018-ӘЧ-ның 1/4 финалында Францияға қарсы кездесу өткізеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×