![Унаи Эмери: "Арамызда еш жанжал орын алған жоқ. Месут денсаулығына байланысты ойынға қатыспады"](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2018/08/26/162ffe4f61df97fe0ba2cf553e3755cb.jpg)
"Бұл ақпарат жалған. Мен оның қайдан шыққанын білмеймін. Менен, дәрігерлерден және клубтан сұраңыз - Өзіл сырқаттанып қалды. Ол менімен сөйлескеннен кейін, оның ойынға қатыспайтыны туралы шешім шығардық. Ол жаттығудан үйіне қайтты, өйткені, сырқаттанып қалды - оған суық тиген.
Бүгін ол осында болды. Мен оның өзін жақсы сезінсе, келу керектігін айтқанмын. Кездесу алдында командамен бірге болып, екеуміз сөйлескен болатынбыз. Месутпен арамызда еш түсініспеушілік жоқ. Дәрігерден бәрін сұрасаңыз, айтып береді", - деп Эмери бәрін жоққа шығарды. "Арсенал" АПЛ-ның 3-ші турында өз алаңында "Вест Хэмді" 3:1 есебімен жеңген болатын.Біздің серіктес: FONBET