Ұлттық құрамалардың келесі қатысатын ірі турнирі - Еуро - 2020

17.07.2018, 16:30
Ұлттық құрамалардың келесі қатысатын ірі турнирі - Еуро - 2020
Жалпы 2020-жылғы Еуропа біріншілігі «кәрі құрлықтың» 13 мемлекетінде, 13 стадионда өтеді. Еуро-2020 бәсекесін бірнеше елде өткізу идеясын УЕФА президенті Мишель Платини 2012 жылдың 6 желтоқсанында Лозаннада өткен ұйымның кезекті жиыны барысында жария етті. Президент бұл идеяны іске асыру үшін УЕФА-ның 60 жылдық мерейтойын алға тартып, бұл айтулы датаны күллі Еуропа елдері бірге тойласын деген мақсат қойып отыр. Жоғарыда айттық, Еуро-2020 додасының ақтық матчын «Уэмбли» стадионы қабылдайды. Одан бөлек, әп-сәтте қазанында 90 мың жанкүйерді қайната алатын стадион бәсекенің екі бірдей жартылай финалдық матчтарын қабылдайды. Ал өзге 12 стадион топтық кезеңнің үш және плей-офф кезеңінің бір ойындарын өткізу құқығына ие болды. 2020-жылғы Еуропа біріншілігін қабылдайтын стадиондар: Англия (Лондон) – жартылай финал және финал Әзірбайжан (Баку) – топтық кезеңнің үш ойыны және ширек финал Венгрия (Будапешт) - топтық кезеңнің үш ойыны және ширек финал Германия (Мюнхен) - топтық кезеңнің үш ойыны және ширек финал Италия (Рим) - топтық кезеңнің үш ойыны және ширек финал Ресей (Санкт-Петербург) - топтық кезеңнің үш ойыны және ширек финал Бельгия (Брюссель) - топтық кезеңнің үш ойыны және 1/8 финал Дания (Копенгаген) - топтық кезеңнің үш ойыны және 1/8 финал Ирландия (Дублин) - топтық кезеңнің үш ойыны және 1/8 финал Испания (Бильбао) - топтық кезеңнің үш ойыны және 1/8 финал Нидерланды (Амстердам) - топтық кезеңнің үш ойыны және 1/8 финал Румыния (Бухарест) - топтық кезеңнің үш ойыны және 1/8 финал Шотландия (Глазго) - топтық кезеңнің үш ойыны және 1/8 финал Әу баста 2020-жылғы «қәртамыс құрлықтың» басты футбол додасын қабылдауға Астананың да дәмесі бар еді. Алайда, елордамыз іріктеу кезеңінен әрі аса алмай, сұрыптаудың финалдық кезеңіне өткен 19 қаланың қатарына қосыла алмады. Ал іріктеуден іркілмей өтіп, Еуро-2020 турнирін қабылдауға үміткер қалалардың қатарынан финалдық кезеңде Минск, София, Скопье, Иерусалим, Стокгольм және Кардифф сынды қалалар шет қалды. Тағы бір ескере кететін жәйт, 2020-жылғы Еуропаның басты футбол турнирінде әдеттегідей 16 команда емес, 24 команда қатысады. Бәсекенің ақтық сыны 13 елде өтетіндіктен, бұл турнир барысында барлық команда міндетті түрде іріктеу кезеңіне қатысады. Финалдық кезеңдерді қабылдайтын 13 елдің құрамалары іріктеу кезеңінен сүрінбей өтетін болса, онда ол құрама кем дегенде топтық кезеңнің екі кездесуін өз стадиондарында өткізеді. Ал, өзге құрамалар болса жеребе қорытындысына қарамастан екі кездесуді қай қалада өткізетіндерін өздері таңдайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×