Ұлттық құрамаға үміткерлер қаралымнан өтеді

Қазақстан ұлттық құрамасына үміткер футболшылар үшін арнайы оқу-жаттығу жиыны өтеді. Бір аптаға созылатын қаралым Түркияның Белек қаласында 10-17 ақпан аралығына белгіленіп отыр.


 

Ұлттық құрамаға үміткерлер қаралымнан өтеді

Осылайша ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Әли Әлиев жақын резервтің әлеуетін бағамдап көрмек. Сенімді дерек көздердің айтуынша шақырту алғандардың көбі жас аяқдопшылар. Соның ішінде, Мейрамбек Қалмырза, Дамир Қасабұлат пен Ален Айманов секілді футболшылардың аты аталып жатыр. Және де ұлттық құрамаға үміткерлер жәй жаттығып қана қоймайды. Олардың бабы мен шеберлігін сынау үшін федерация екі жолдастық кездесу ұйымдастырып бермек. Қарсыластың бірі клуб және Азияның бір құрамасы болады. Сондықтан, жас футболшылар үшін Әли Әлиевтің көзіне түсіп, Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі қатарына қосылу үшін тамаша мүмкіндік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×