Ұлттар Лигасының жартылай финалдық жұптары белгілі болды

04.12.2020, 08:37
Су жаңа чемпион болуға кім лайықты?
Ұлттар Лигасының жартылай финалдық жұптары белгілі болды

Италия, Бельгия, Испания һәм Францияның Ұлттар лигасының жартылай финалына шыққаны бәріңізге мәлім. Бірақ кімнің кіммен ойнайтыны белгісіз еді. Швейцарияның Ньон қаласында жеребе тарту рәсімі өтіп, Италия мен Испания, Франция мен Бельгия жұптары финалдық жолдаманы сарапқа салатыны белгілі болды. Финалдық кезең 2021 жылы 6-10 қазан аралығында Италияның Милан және Турин қалаларында өтеді. 

2019 жылғы Ұлттар лигасының алғашқы чемпиондары Португалия құрамасы биылғы төрттік финалға жолдама ала алмады. Одан бөлек былтырғы жартылай финалда өнер көрсеткен Нидерланды, Англия және Швейцария ұлттық құрамалары да финалдық кезеңнен тыс қалды. Демек 2021 жылы су жаңа чемпион мен жүлдегерлерді көретін боламыз. 

Ал енді жартылай финалдық жұптары жайлы азды-кем ақпартпен бөліссек:

Италия – Испания

Бұл екі ұжым 1920 жылдан бері бітіспес қарсыласқа айналған. Бір ғасыр уақыт аралығында 38 ойын өткізіп, 11 ойында «скуадра адзурра» жеңіске жетсе, 12 ойында «қызыл фурияның» мерейі үстем болған. Ал 15 ойында таблода тең есеп тіркелген. Италия 2018 жылдан бері қатарынан 22 ойында жеңілмей келе жатқанын және өз жерінде ойнайтынын ескерсек, жалпы есепті теңестіріп кетуі әбден мүмкін. Бірақ «неміс мәшинесін» тас-талқан еткен, құрамы жас таланттармен толысып жатқан Испания құрамасы да оңайлардың қатарынан емес. Матч 6 қазан күні Джузеппе Меацца атындағы «Сан-Сиро» стадионында өтеді. 

Франция – Бельгия

Қос құраманың кездесу тарихы сонау 1904 жылдан бастау алады. Бас-аяғы 78 ойын өткізіп, 27 мәрте «көктер» жеңіс тойын тойласа, 31 ойында «қызыл сойқандар» басым түскен. Ал 20 ойында жеңімпаз анықталмаған. Бельгия 2018 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалында кеткен есесін қайтаруға бар күштерін салары анық. Қосалқы құрамының өзі кілең сен тұр, мен атайын деген соңғы Әлем чемпиондары оңайлықпен жеңісті беріп қоймасы сөзсіз. Қос мықтының текетіресі 7 қазан күні Турин қаласында жергілікті «Ювентус» клубның стадионы «Ювентус Стэдимуде» өтеді. 

Үшінші орынның иесі 10 қазан күні «Ювентус Стэдиумде» анықталады. Негізгі уақыт тең есеппен аяқталар болса, қосымша уақыт қосылмай, бірден пенальти сериясына көшеді. 

Финалдық кездесу дәл сол күні «Сан-Сирода» жалауын желбіретеді. Негізгі уақыт тең аяқталса, 30 минут қосымша уақыт қосылып, ол уақыт аралығында да жеңімпаз анықталмаса, он бір метрлік лотерея арқылы чемпион белгілі болады.

Марғұлан ЖАҚЫП


9k=

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×