
Украиналық футболшы Филипп Будковский «Қайратпен» байланысты әңгімелерге нүкте қойды.
Айта кетейік, осыған дейін біраз БАҚ-та алматылық клубтың «Заряның» шабуылшысына құда түскендігі туралы айтылған. Алайда, луганскілік команда «Қайраттың» ұсынысынан «бас тартқан» көрінеді.
«Қайраттың» қызығушылық танытқаны шын. Олар нақты ұсыныс жасады. Ақша ұсынды, алайда, «Заря» бас тартқан болатын. Оның дәл қанша екенін білмедім, қос клубтың өкілдерінен сұрау керек. Енді қазір қос тараптың арасында келіссөздер жүріп жатыр ма? Жоқ, бәріне нүкте қойылды. «Заря» қазақстандык клубқа барлығын айдан анық түсіндіріп берген еді, мені ешкім де жіберуге құлықты емес. Мен «Заряда» қаламын», - деді украиналық шабуылшы.
Естеріңізде болса, «Қайрат» ҚПЛ-дің бірінші турындағы «Астанаға» қарсы матчта Элдер Сантанадан айрылып қалған еді. Бразилиялық футболшы бірінші таймда ауыр жарақат алған болатын. Енді кеше алматылық команда шабуылшының жазға дейін қатарға қосылмайтынын ресми мәлімдеді. Осы себепті ҚПЛ чемпионы дереу шабуылшы іздесітіруде.
Біздің серіктес: FONBET